Альжан Стамкулов

Альжан Стамкулов

Басқарушы серіктес. LLM

Альжан Стамкулов Synergy Partners Заң фирмасының басқарушы серіктесі және негізін салушы. Альжан түрлі халықаралық және жергілікті компанияларға тұтыну тауарлары, жекеленген жүйелер, табиғи ресурстар, логистика, фармацевтика және қаржылар сияқты экономиканың түрлі салаларына қатысты кеңес берді. Альжан көптеген сатып алу M&A мәмілелерін сәтті аяқтауға көмектесті.

Альжан Стамкулов бірлескен кәсіпорындарға және қаржыландыруды тартумен қоса тау-кен және мұнай-газ жобаларына қосылу мен шығу мәселелеріне қатысты көмек көрсетті. Альжан M&A мәмілелерінен туындаған барлық мүмкіндіктерді қолдануға көмек көрсетті. Альжан холдингтің қайта құрылымдауына, мәміленің құрылымын дайындауға қатысумен қатар, салық және де басқа мәселелерге қатысты кеңес берді. Альжан келіссөздер жүргізу, шартты негіздерді дайындау мен зерттеу, заңгерлік аудит, сонымен қатар өкіметтен сатып алу немесе сату мәселелеріне қатысты қажетті рұқсаттарды алу шараларына қатысты. Альжан Стамкулов көбінесе корпоративтік, коммерциялық, қаржылық, еңбек және экология мәселелеріне қатысты кеңес берумен айналысады. Альжанның Қазақстанда ірі қаржылық келісімдерді жүзеге асыру жағынан құқықтық тәжірибесі мол.

Кәсібі

  • Жобалардың құқықтық менеджменті
  • Қосылулар мен жұтылулар
  • Стратегиялық инвестициялар
  • Корпоративтік құқық
  • Корпоративтік басқару
  • Бірлескен кәсіпорындар
  • Салық құқығы
  • Еңбек құқығы
     

Мансабы

  • Synergy Partners Law Firm (2011 жылдан бастап)
  • Аға заңгер, Алматы (2009-2010)
  • Аға заңгер, Алматы (2007-2009)
  • Аға заңгер, Алматы (2006-2007)
  • Заңгер, Алматы (2005-2006)
  • Менеджер, Қаржылық Институттар Департаменты (2004-2005)
  • Хатшы, (2001)
  • Зерттеуші, Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті (2001-2002)
  • Астана қаласының Бас Жобасын әзірлеу, Жапондық Агенттіктің Халықаралық Ынтымақтастық жобасы, Астана қаласы (2000-2001)
     

Білімі

  • University of East Anglia, оқуақы Norwich Law School (құқық магистрі, 2004)
  • University of North London, EU TEMPUS TACIS жобасы (сертификат, 2002)
  • Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясы (құқық бакалавры, үздік диплом, 2000)

Тілдер

  • Орысша
  • Ағылшынша