Қоңырауға тапсырыс
 

Экспорттаушыларға ҚҚС-н қайтарудан бас тарту

1 ақпан 2013
Жағдай
 
Мұнай өндіру саласымен айналысатын қазақстандық компания шикі мұнайды экспорттап, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қайтарылуға тиіс ҚҚС-н жинақтаған. Компания салық органына нөлдік мөлшерлеме бойынша салынатын ҚҚС-ның айналымдарын қайтару туралы арыз жіберді. Салық органы тексеру актісінде бас тартудың себебі ретінде «Пирамида» жүйесінің талдамалы есептемесіндегі екінші және үшінші деңгейлі жеткізушілерге қатысты бұзышулықтарды көрсетті.
 
Мұндай жағдайда қалай әрекет етуге болады?
 
Шешім
 
Салық органдарының бас тарқанына қарамастан, салық органдарының әрекеттерінің заңды және негізді екендігін аңықтау қажет. Егер салық органдарының әрекеттері негізсіз және заңсыз болған жағдайда, салық төлеушіге ҚҚС-н қайтару үшін мұндай әрекеттерге сот тәртібінде шағымдану қажет.
Кейбір қиын жағдайларда сот және салық мәселелерімен айналысатын кәсіби заңгерлердің көмегіне жүгіну қажет.
Аталған жағдайда қазақстандық компания сыртқы кеңесшілердің көмегіне жүгінді. Өйткені салық органдарының ҚҚС-н қайтаруға қатысты жасаған тұжырымдары заңсыз болғандықтан, компания сот тәртібінде шағымдануға мәжбүр болды. Істі қарау барысында сот қайтарылуға тиіс ҚҚС-н растау жөніндегі негіздердің толық тізбесі Қазақстан Республикасының Салық кодексімен бекітілгенін аңықтады. Қазақстан Республикасының Салық кодексімен қарастырылмаған ҚҚС-н қайтарудан бас тартудың өзге негіздері - заңсыз болып саналады.
Сот компанияның талаптарын қанағаттандырды. Сот өз шешімінде «Пирамида» ақпараттық жүйесіндегі екінші, үшінші және басқа да деңгейлі жеткізушілер туралы бар мәліметтердің даудың мәніне жатпайтынын аңықтады сондықтан салық органы арыз беруші-экспорттаушының тікелей жеткізушілерін ҚҚС-ның есептеуіне жатқызылған сомалардың дәлдігіне тексеруге міндетті. Айтуға тиіс жайт жоғарғы тұрған сот орындары бірінші сот орындарының шешімдерін қолдады.
Осылайша салық органдарының кез келген әрекеттері мен шешімдерін негізділік пен заңдылығына қайта тексеріп шығу қажет. Егер салық органдарының әрекеттері негізсіз немесе заңсыз болған жағдайда, мұндай әрекеттерге сот тәртібінде шағымдануға болады. Егер компанияның өз ресурстары сот даулары немесе өз мамандарына жеткіліксіз болған жағдайда, компания сыртқы мамандардың көмегіне жүгіне алады.