+7 701 991 50 30
Достық даңғылы 162, 13-қабат, офис 132 Алматы қаласы, 050051, Қазақстан Республикасы
 

Салық резиденттігінің сертификатының кемшіліктері мен жетіспеушіліктері

1 қыркүйек 2012
Жағдай
 
Қазақстандық инжинирингтік компания кен орнының сейсмикалық барлауын жасады. Деректердің мағынасын түсіну үшін канадалық компанияның көмегіне жүгінді. Жұмыстар Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жүргізілді және Қазақстандағы тұрақты мекеменің ашылуына әкелген жоқ. Компанияның қаржы департаменті Қазақстан мен Канада арасында жасалған салық конвенциясына сәйкес Канадада мұндай табысқа салық салынғандықтан, канадалық компанияның табыстан босатылуы қарастырылған конвенцияны колдана алатынын білген. Осы мақсатта қазақстандық компания канадалық мердігерден резиденттік сертификатқа сұрау салды. Мердігер сертификатты ұсынған жоқ. Салық резиденттігінің сертификатын ешкім қайта тексерген жоқ.
Келісімшарт аяқталғаннан кейін жарты жылдан кейін жергілікті компанияға қатысты салықтық тексеріс өткізілді. Тексерушілер резидент еместердің табысының төлем көзінен ұстанылатын салықтардың қосынды есептеулерін жасады және шегерілмеген салықтың сомасынан 50% мөлшерде айып салды. Қосынды салық есептеулерінің негізі ретінде халықаралық шартты қолдану процедурасын бұзу болып тобылды. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес резиденттік сертификат салықтық резиденттікті растайтын құжат ретінде резидент еместің мемлекеттік құзыретті уәкілетті органымен түпнұсқада немесе лауазымды тұлғаның қолтаңбасы мен уәкілетті органының мөрі қойылған нотариалды куәландырылған көшірмесі ретінде берілуі тиіс.
Қолтаңба мен мөрдің ресмилендірілуі өте маңызды. Өзге жағдайларда егер мемлекет Гаага конвенциясының қатысушысы болса және осы конвенцияға сәйкес арнайы мөртаңбаны (апостильді) қою - ресмилендірудің жеңілдетілген процедурасы ретінде қолданылатын болса, сертификат апостильмен болуы тиіс. Канада Гаага конвенциясының катысушысы болмағандықтан, ресмилендірілген қолтаңба мен мөрдің бар болуы қажет.
Аңықталғандай, сертификаттың түпнұсқасында (Agence du revenu du Canada) уәкілетті органының лауазымды тұлғасының емес нотариустың қолтаңбасы мен мөрі жаңсақ куәландырылған. Сондықтан салық органы Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес жеңілдіктерді пайданалу мен салықтардан босату үшін резиденттік сертификаттың қолданылуын мақұлдамады. Салық органы сертификатты қабыл алмағандықтан, жергілікті компанияның канадалық компанияны салықтан босатуға құқы болған жоқ.
Басқа жағдайда резидент емес ағылшын компанияның 2011 жылға берілген резиденттік сертификатын апостильмен бірге ұсынды. Бірақ салықтық тексерістің барысында тексерушілер құжаттың өзі 2011 жылы шыққанына қарамастан, апостильдің 2012 жылға берілгенін аңықтады. 2011 жылы резидент емеске табыс төленгендіктен, салық агентінде 2011 жылдың соңына дейін тиісті ресімделген сертификаттың бар болуы міндетті болған. Тексерушілер резиденттік сертификатты қабыл алған жоқ және төлем көзіне қатысты салықтың қосынды есептеулерін жасады.
 
Мұндай кемшіліктерді болдырмаудың жолдары
 
Шешім:

• біріншіден, резидент емеспен мәміле жасағанда, төлем көзінен ұстанылатын салықтың және резидент үшін ҚҚС-ның туындау мүмкіндігін аңықтау қажет;
• әрі қарай Қазақстанда салық салудан босату немесе салықтың төмендетілген мөлшерлемесін қолдану үшін халықаралық шартты қолданудың мүмкіндігін қарастыру;
• төлем көзінен ұстанылатын салықтан босату мен салық бойынша жеңілдіктерді қолдану үшін халықаралық шартты қолдану процедурасының тәртібін сақтау қажет;
• тәуекелдерді азайту үшін салықтық резиденттікті растайтын құжатты Казақстан Республикасында салықтық мақсаттарда қолдану үшін тексеру;
• салықтық резиденттіктің сертификатын ресімдеген кезде, оны қателердің, дәлсіздіктердің және басқа да кемшіліктердің бар болуына тексеру қажет.