+7 701 991 50 30
Достық даңғылы 162, 13-қабат, офис 132 Алматы қаласы, 050051, Қазақстан Республикасы
 

Тауар номенклатурасының бұрыс коды кеден бажының тыс есептеулеріне әкелді

1 тамыз 2013
Жағдай 
 
Қазақстандағы шетелдік компанияның филиалы Қазақстанға резеңке колғаптарды болашақта сату үшін әкелді. Филиал тауардың кедендік тазартпасын жасаумен қатар кеден бажылары мен салықтарды төледі. Бірақ үш ай өткеннен кейін, филиалға қатысты салықтық тексеріс өткізілді. Тексерістің нәтижесінде кеден бажылары мен өсімақылардың қосынды есептеулері жасалды. Тауар топтамасының көп болғандығынан, бажылардың да сомасы едәуір болып шықты.
Кеден органдарының әрекеттері заңды болды. Заңнамаға сәйкес кеден органдары кез келген операцияларды 5 жыл мерзімінің ішінде тексерумен қатар кеден бажылары мен салықтардың қосынды есептеулерін жасауға құқылы. Кеден органдарының әрекеттері негізді болды. Әкеленетін тауардың кеден бажылары тауардың кодына/тауар номенклатурасының кодына байланысты есептеледі. Айтарлықтай, резеңке қолғаптар тауар номенклатурасына сәйкес хирургиялық қолғаптар мен шаруашылық қолғаптарға бөлінеді. Бір қарағаннан өнімнің екі түрі «резеңке және каучук бұйымдары» тобына жатады және сырттай қарағанда өте ұқсас болып келеді. Бір қарағаннан қандай да бір айырмашылықтарды табу қиынға соғады. Бірақ хирургиялық қолғаптардың кеден бажысы 10 % құрайды, ал шаруашылық қолғаптырдың бажысы - 15% құрайды. Кеден органдары кедендік тексерістің барысында қолғаптардың хирургияда қолданылмайтынын аңықтады және соның нәтижесінде кеден бажылары мен өсімақылардың қосынды есептеулері жасалды. Мұндай жағдайда кеден органдарының әрекеттеріне шағымданудың мәні жоқ, өйткені олардың әрекеттері заңды және негізді.
 
Жоғарыда аталған жағдайларды болдырмаудың жолдары
Мұндай жағдайда қалай әрекет етуге болады?
 
Шешім
 
Филиал мұндай жағдайдың болмауын келесі тәсілді қолдану арқылы жүзеге асыра алды. Кеден заңнамасында кедендік тазартпаға дейін тауардың сыныптамасы туралы кеден органдарының алдын ала шешімін алу мүмкіндігі қарастырылғын. Мұндай процедураның мәні келесіде: тұлға кеден органына тауардың сипаттамасы, сызбалары және де басқа мәліметтері ұсынылған арызды жібереді. Соның нәтижесінде кеден органы кедендік тазартпа үшін міндетті алдын ала шешімді береді.
 
Біздің ұсынымдарымыз
 
Егер тауардың сыныптамасына (тауардың сыныптамасын аңықтау қиындағы, алғашқы рет әкеленетін тауар) қатысты кеден бажылары әр түрлі болған жағдайда, тауардың сыныптамасы туралы алдын ала шешімді алуды ұсынамыз. Кеден органынан алған шешімді кеден тазартпасында қолдану керек.