+7 727 390 15 10
Қоңырауға тапсырыс

Назар аударыңыз, сауда-саттық

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА-САТТЫҚ!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті республикалық мүліктің сатуын екі кезендік рәсімдер арқылы өткізілетін конкурс туралы хабарлайды 

_________________________________________________________________________

Екі кезендік рәсімдер арқылы өткізілетін конкурс 2017 жылы 7 қарашада Астана уақытымен сағат 10.00 орын алады.
Екі кезендік рәсімдер арқылы өткізілетін конкурсқа келесі ұйымның мемлекеттік акциялар пакеті қойылады:
Ұйымның атауы: «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ

Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Абылай хан даңғылы, 42

Қызмет түрі: Стационарлық жоғары мамандандырылған медициналық көмекті қамтамасыз ету

Акциялардың мемлекеттік пакетінің көлемі: 100 %, 12 226 405 жай акциялар

Бастапқы баға: 100 % акциялардың пакеті үшін 11 379 813 000 теңге

Жекешелендіру объектісі туралы қосымша мәліметті www.gosreestr.kz мемлекеттік меншік реестрдің веб-сайтынан табуға болады немесе жекешелендіру объектісіне мәміле жасайтын тәуелсіз консультанттан алуға болады – «Synergy Partners Заң Фирмасы» ЖШС, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 128, 73-пәтер; тел.: +7 (727) 390-15-10, веб: www.synergy-law.com, email: sta@synergy-law.com.

Кепілдікті жарна: 68 070 000 теңге

Кепілдік жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің келесі реквизиттеріне төленеді: KZ800705012170034001 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РМК, БИК KKMFKZ2A.

Конкурстың шарттары:

  • Сатып алушы қызметтің бейінін 5 (бес) жылға сақтауға міндеттенеді;
  • Сатып алушы көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесін 5 (бес) жыл ішінде сақтауға міндеттенеді;
  • Сатып алушы 5 (бес) жыл ішінде Жекешелендіру объектісінің акциялары мен мүлкіне қатысты мәмілелер жасамау (қайта сату, кепіл, басқаруға беру және т.б.);
  • Сатып алушы ағымдағы акционер пайдасына акциялар сатып алушы меншігіне өткенге дейінгі кезеңде дивидендтер төлеуді қамтамасыз етуге міндеттенеді;
  • Сатып алушы Сатушының (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті), Сатып алушының және Тәуелсіз консультанттың («Synergy Partners Заң Фирмасы» ЖШС-мен келісім-шарт жасасуға міндеттенеді, ол Сатып алушының тәуелсіз консультантқа Компанияны сату үшін төленген пайызды төлеуге міндеттенеді.

Жекешелендіру объектісін сатып алушыға қойылатын алдын ала талаптар:

  • Сатып алушы оңалту немесе банкроттық рәсімдерден өтпеуі тиіс, сондай-ақ тендер алдындағы 24 ай ішінде ондайлар болмауы тиіс;

Сатып алушының осындай салада кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
Конкурстық өтінімдер келесі мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 128, 73-пәтер, «Synergy Partners Заң фирмасы» ЖШС, Алматы қ., Достық даңғ., 128, 73; тел .: +7 (727) 390-15-10, веб-сайты: www.synergy-law.com, email: sta@synergy-law.com.

Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс өткізу тәртібі

Келiссөздер барысында ең жақсы ұсыныстарды ұсынған (конкурстың бірінші кезеңі) кемiнде екi әлеуетті сатып алушыны (инвесторды) анықтау мақсатында, өтiнiмдердiң тiзбесi бойынша тәуелсіз консультанттың қатысуымен сатушы әлеуетті сатып алушылармен (инвесторлармен) келiссөздер жүргізеді.
Сатушы бұрын ұсынылған шарттарды жақсарту нысанасына тәуелсіз консультанттың қатысуымен конкурстың бiрiншi кезеңiнiң жеңiмпаздарымен келiссөздер жүргізеді (конкурстың екiншi кезеңi).
Сатушы, тәуелсіз консультант және екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурстың барлық қатысушылары келiссөздiң әрбiр кезеңiнiң өткiзiлу қорытындылары бойынша оның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды.
Екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурстың екiншi кезеңi барысында ең жақсы шарттарды ұсынған әлеуетті сатып алушы (инвестор) екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың жеңiмпазы болып танылады.
Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурстың екінші кезеңі нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.
Комиссияның отырысында қатысушылардың ұсыныстары жазылған өтiнiмдердi комиссияның барлық мүшелерi зерделейдi және салыстырады. Комиссия барлық конкурс формальдылықтарының сақталуын тексередi, талап етiлетiн мәлiметтер мен құжаттардың бар-жоғын айқындайды.
 

***

Басқа жаңалықтар