Call request

    Please leave your name & phone number. We will contact you ASAP

    Қоңырауға тапсырыс

    Атыңызды енгізіңіз.
    Телефон нөмірін дұрыс енгізіңіз.

    Өз есіміңіз бен телефон нөміріңізді қалдырыңыз. Біз сізбен жақын арада хабарласамыз.

    Сот талқылауларындағы жаңалықтар

    2020 жылғы 22 маусымнан бастап Қазақстанда коммерциялық даулар бойынша сот процесінің қалай өтетінін белгілейтін кодификацияланған заң — Азаматтық процестік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді.

    Біздің заңгерлер негізгі өзгерістерге қысқаша шолу дайындады.

    Бұрын соттар процеске араласпайтын және тараптардың теңдігі болжанатын, яғни Талап қоюшы мен Жауапкер өз уәждерін келтіріп, әрқайсысы өздері жинаған дәлелдемелерін ұсынатын.

    Енді соттарға дәлелдемелерді өз бетінше жинау, оларды тараптардан сұрату өкілеттігі берілді, яғни соттардың белсенді рөлі көзделеді.

    Біздің ойымызша, сот даулары күрделене түседі. Енді барлық дәлелдемелерді алдын ала дайындап, сараптамалар жүргізіп, дауды алдын ала бағалай алатын және дәлелдемелер жинау, ұстанымдарды нығайту бойынша ұсыныстар бере алатын сот заңгерлерінің пікірін алдын ала алу қажет.

    Егер бұрын соттар әртүрлі мәселелерге көп уақыт бөлсе, жаңа өзгерістер бойынша соттар тек Талап қоюшы немесе Жауапкер келіспейтін жайттарға ғана назар аударатын болады. Мысалы, тараптар зиян келтіру фактісін дауламайды, бірақ зиянның салдары қандай болғаны туралы дауласады.

    Мұндай жағдайда соттар зиян болды ма, жоқ па дегенді шешпей, дауды шешуге және зияннан болған залалдарға назар аударады.

    Оңайлатылған іс жүргізу — бұл сот тараптарды шақырмай, ұсынылған құжаттар мен дәлелдемелер бойынша дауды шешетін жағдай. Әдетте, бұл даусыз талаптар, мысалы, қол қойылған жұмыс актілері бар, бірақ тарап олар бойынша ақы төлемейді. Ақшаны өндіріп алу үшін компания оңайлатылған іс жүргізуді қолданады және мұндай актілерді сотқа қоса береді. Сот тараптарды шақырмайды және ақшаны өндіріп алу туралы шешім шығарады. Егер бұрын компаниялар 2 млн теңгеге дейінгі талап арыздар бойынша оңайлатылған іс жүргізуді қолдана алса, енді компаниялар 5,5 млн теңгеге дейін оңайлатылған іс жүргізуді қолдана алады.

    Бұл сот дауларына жұмсалатын шығындарды азайтады.

    Өзгерістердің көпшілігі соттардың татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдануына және тараптардың келісімге келуіне бағытталған.

    Енді жайдан-жай талап арыз беруге болмайды. Талап арызда татуласу үшін қандай іс-қимылдар жасалғанын, сотқа дейінгі талап-арыз (претензия) болды ма және т.б. көрсету және растайтын құжаттарды қоса беру қажет.

    Өзгерістердің көпшілігі соттың қажетсіз әрекеттерін азайтады. Мысалы, жаңа ережелер бойынша соттар кеңесу бөлмесіне кетпейді. Соттар куәгерлерден интернет арқылы қашықтан жауап ала алады және басқа да жаңалықтар енгізілді.

    Біз бұл материалды тек танысу үшін дайындадық. Сот талқылаулары мен дауларды шешуге қатысты кез келген мәселелер бойынша кәсіби құзыретті пікір алуды ұсынамыз.

    Бұл материалды Synergy Partners сот талқылаулары жөніндегі заңгерлері: Әли Дауталинов, Анар Көбеева, Нұржан Стамқұлов дайындады.