Call request

    Please leave your name & phone number. We will contact you ASAP

    Қоңырауға тапсырыс

    Атыңызды енгізіңіз.
    Телефон нөмірін дұрыс енгізіңіз.

    Өз есіміңіз бен телефон нөміріңізді қалдырыңыз. Біз сізбен жақын арада хабарласамыз.

    Мансап

    Synergy Partners заң фирмасында келесі бос орындар ашық:

    • Серіктес
    • Аға заңгер
    • Заңгер
    • Хатшы

    Түйіндемеңіз бен ілеспе хатыңызды келесі электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз: career@synergy-law.com

    Тағылымдама және тәжірибе

    Құқық саласы бойынша соңғы курс студенттеріне, магистранттарға арналған тағылымдама және тәжірибе

    • HR командасына көмекші
    • Маркетинг командасына көмекші

    Synergy Partners заң фирмасында тәжірибеден және тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар. Synergy Partners тең мүмкіндіктер қағидатын ұстанады. Осы мақсатта компания түлектерге және тәжірибесі аз немесе басқа білімі бар кандидаттарға заң саласында, маркетингте, іс жүргізуде, офис жұмысында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. HR командасының мақсаты — алғашқы кәсіби тәжірибе беріп, кәсіби өсу мен мансап жолына көмектесу.

    Сіздің жетістігіңіз өзіңізге байланысты

    Біз кімді іздейміз?

    • талантты және істі соңына дейін жеткізе алатын адамдарды
    • дамуға және тәжірибе жинауға ұмтылатындарды
    • ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгергендерді (IELTS 6.0 және одан жоғары)
    • құқықты немесе соған жақын салаларды, маркетингті, зерттеуді, аналитиканы, логикалық ойлауды ұнататындарды

    Біз не ұсынамыз?

    • Мансапқа тамаша бастау
    • Құқықтың барлық саласы бойынша орасан зор тәжірибе
    • Кәсіби заңгерлермен жұмыс істеу
    • Қызықты тәжірибе мен даму мүмкіндігі

    Іріктеу кезеңдері қандай?

    • сұхбат, аралық сұхбаттар
    • тесттер, кейстер, түрлі тапсырмалар, мысалы заңгерлер үшін заңдарды түсіндіру бойынша тапсырмалар және басқа да тапсырмалар
    • тапсырмалар, тесттер, кейстерді бағалау, кандидаттармен жауаптарды нақтылау
    • Synergy Partners қызметкерлерімен финалдық сұхбат

    Іріктеу кезеңдері мен процесі туралы толығырақ біздің Instagram парақшамыздан таныса аласыз. Парақша мекенжайы төменде көрсетілген.

    Өтінімді немесе түйіндемені қалай жіберуге болады?

    Түйіндемеңіз бен ілеспе хатыңызды career@synergy-law.com электрондық поштасына, хат тақырыбында «Дамып, тәжірибе жинағым келеді» деп көрсетіп жіберуіңізді сұраймыз.

    Біз туралы толығырақ қалай білуге болады?

    Вакансияларымыз, тағылымдамаларымыз, жаңалықтарымыз, сондай-ақ түрлі кеңестер мен пайдалы лайфхактарды бірінші болып білу үшін Instagram парақшамызды бақылап отырыңыз.

    Сондай-ақ кез келген сұрақтарыңызды біздің Instagram парақшамызға жаза аласыз: @synergy_partners_career

    Біздің кандидаттарға арналған HR брошюрамызбен танысу үшін «Кандидаттарға арналған HR брошюрасы» сілтемесін басыңыз.