Көлік
Көлік саласы
Көлік – маңызды салалардың бірі. Бұл саланы реттеу жоғары деңгейдегі білім мен тәжірибені талап етеді. Synergy Partners заң фирмасы көлік компанияларына жылдам және креативті шешімдер ұсынып, құқықтық қолдау көрсетеді. Біздің заңгерлер теміржол, әуе, теңіз және автомобиль көлігі саласындағы тәжірибеге ие.
Көлік саласындағы біздің тәжірибеміз
- Қазақстан мен Ресей бойынша таза мұнайды теміржол арқылы тасымалдау үшін брондау кодтарын ұсынуға арналған сервис келісіміне құқықтық қорытынды. Қазақстан заңнамасы аясында сақтандыру полистерінің талаптарына консультациялар.
- Ақтауда логистикалық компанияның қайта тіркелуін жүргізу.
- Әуе компаниясына кеден депозитін қайтару бойынша консультациялар.
- Көлік компаниясы атынан қызметкерлерді жұмыстан шығару жөніндегі келіссөздер жүргізу.
- Теңіз кемелерін сатып алу үшін займ алу бойынша ұйымдық жұмыстарды жүргізу және жергілікті көлік компаниясын құру.
- Көлік компаниясының банктік шоттарынан арестті алу.
- Ресейлік компанияға Қазақстанға тауар импорттаудағы потенциалды кедендік баждар, салықтар мен төлемдер бойынша консультациялар.
- Түрік компаниясына мұнай құбырын салу бойынша салықтық консультациялар.
