Call request

    Please leave your name & phone number. We will contact you ASAP

    Қоңырауға тапсырыс

    Атыңызды енгізіңіз.
    Телефон нөмірін дұрыс енгізіңіз.

    Өз есіміңіз бен телефон нөміріңізді қалдырыңыз. Біз сізбен жақын арада хабарласамыз.

    АВТОРЛЫҚ ЖӘНЕ САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАРДЫ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАР

    Музыкалық шығармаларды ойнату кезінде авторлық құқықты елемеу үлкен айыппұлдар мен өтемақыларға әкеп соғуы мүмкін.

    Егер мейрамхана музыкалық шығармаларды өз ішінде пайдаланса, онда мұндай пайдалану коммерциялық болып саналады. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға сәйкес, автордың нысандарын оның келісімінсіз қайта шығару (ойнату) сыйақы төлеуге әкеп соғады. Авторлық құқық және сабақтас құқық нысандарын пайдаланғаны үшін сыйақы лицензиялық шартпен белгіленуі мүмкін, бірақ ставкалар ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген мөлшерден төмен болмауы тиіс. Сондықтан, егер мейрамхананың музыкалық шығармаларды лицензиялық рұқсатсыз пайдаланғаны анықталса, оған үлкен талап арыздар және соның салдарынан автордың немесе авторлардың құқығын қорғау қоғамының пайдасына шығарылған сот шешімдері қауіп төндіреді.

    Бұл ретте авторлар мен құқық иеленушілерге немесе авторлардың құқықтарын қорғау қоғамдарына шығарманың көпшілік алдында ойнатылу фактісін дәлелдеу қажет, ал олар іс жүзінде бұны оңай жасайды.

    Егер компания өз веб-сайты үшін фотосуреттерді пайдаланса, онда олар сол фотосуреттер авторының немесе құқық иеленушісінің келісімімен пайдаланылуы тиіс. Пайдаланылатын құқықтарға диагностика жүргізу өте маңызды. Авторлық құқық нысандары қандай да бір тізіммен шектелмейді. Авторлық және сабақтас құқықтардың ең танымал нысандары — музыкалық шығармалар, ән мәтіндері немесе әуендер, кинотаспалар, теледидарлық бағдарламалар, түрлі бейне туындылар, содан кейін сызбалар, дыбыстар, баспа мәтіндері, суреттер, эскиздер, картиналар, жоспарлар немесе фотосуреттер.

    Лицензиялық шарт жасасу үшін мыналар қажет:

    • контрагентіңіздің сізге авторлық немесе сабақтас құқық нысандарын пайдалануға рұқсат беруге құқығы мен өкілеттігі бар-жоғын анықтау;
    • лицензиялық шарттың авторлық және сабақтас құқықтың барлық нысандары бойынша барлық тәуекелдерді қамтуын қадағалау.

    Авторлық және сабақтас құқық өзінің ерекшелігіне байланысты бір қарағанда көрінгеннен де мұқият назар аударуды талап етеді. Құқықтың бұл саласын елемеу үлкен қаржылық шығындарға әкеп соғуы мүмкін.