Call request

    Please leave your name & phone number. We will contact you ASAP

    Қоңырауға тапсырыс

    Атыңызды енгізіңіз.
    Телефон нөмірін дұрыс енгізіңіз.

    Өз есіміңіз бен телефон нөміріңізді қалдырыңыз. Біз сізбен жақын арада хабарласамыз.

    Банктер және қаржы

    Synergy Partners заң фирмасы банктерге, сақтандыру компанияларына, инвестициялық компанияларға және инвестициялық консультанттарға толық спектрлі заңдық қызметтер ұсынады. Біз Қазақстандағы заңдық кеңесші ретінде қаржыландыру және капитал тарту бойынша құқықтық қолдау көрсетеміз.

    • Ұлттық банк Қазастанның нұсқаулары бойынша сақтандыру компаниясына кеңес беру және түсіндірме жасау
    • Ұлттық банк Қазастанның әкімшілік айыппұлдарына қарсы брокерлік компанияның мүдделерін қорғау
    • 2014 жылы Ұлттық Банкте ішкі корпоративтік займдарды тіркеу
    • 2013 жылы логистикалық компанияға валюталық түсімдерді Қазақстанға қайтару бойынша консультациялар
    • 2013 жылы қытай банкі үшін 400 млн АҚШ доллары көлеміндегі on-lending facility келісімі бойынша консультациялар, ресейлік банкке займ беруге құқықтық қорытынды (legal opinion) беру, Қазақстандағы энергетикалық жобаны қаржыландыру мақсатында
    • Лондон қор биржасында тізімделген, Қазақстандағы тау-кен активтері бар компанияға қатысты takeover offer бойынша ағылшын тілінде құқықтық қорытынды (legal opinion) беру
    • Лондон қор биржасында тізімделген компанияға debenture notes өзгерту, түзету және кеңес беру, займды акцияларға конвертациялау мақсатында
    • Қазақстандағы активтері бар компанияның шетелдік қор биржасында тізімделу кезінде құнды қағаз ұсынысы бойынша консультациялар және түсіндірмелер
    • Несие берушілер мүддесі үшін мәмілені құрылымдау, Ұлттық мұнай компаниясына 800 млн АҚШ доллар көлеміндегі көпір несие (bridge finance loan) бойынша құқықтық қорытынды (legal opinion) беру
    • 300 млн АҚШ доллар көлемінде future flow секьюритизациясы бойынша эмитент мүддесіндегі құжаттарды дайындау (AAA рейтинг)
    • Заемшы мүддесіндегі құжаттарды өзгерту және келісу, экспорттық-импорттық қаржыландыру бойынша келіссөздер жүргізу (эксим банктер және даму институттары, EBRD бағдарламалары бойынша)
    • 110 млн АҚШ доллар көлеміндегі телекоммуникациялық компанияға корпоративтік несие үшін шетелдік банктің кепілдігін талдау
    • 40 млн АҚШ доллар көлемінде қосымша қаржыландыру бойынша құжаттарды дайындау және келіссөздер
    • 400 млн АҚШ доллар көлеміндегі синдицирленген займ бойынша заемшы мүддесіндегі құжаттарды өзгерту және келісу, келіссөздер жүргізу
    • 610 млн АҚШ доллар көлеміндегі синдицирленген займ бойынша заемшы мүддесіндегі құжаттарды өзгерту және келісу, келіссөздер
    • ISDA келісімдері (деривативтерге арналған рамалық келісім) бойынша консультациялар
    • IPO шығу бойынша шараларды үйлестіру, корпоративтік реструктуризация, активтер мен корпоративтік займдарды аудару, акцияларды бөлу, аудитормен, инвестициялық банкирлермен өзара әрекеттесу, құқықтық қорытындыларды ұйымдастыру
    • Жеке жабық акция орналастыру бойынша консультациялар және үйлестіру