Call request

    Please leave your name & phone number. We will contact you ASAP

    Қоңырауға тапсырыс

    Атыңызды енгізіңіз.
    Телефон нөмірін дұрыс енгізіңіз.

    Өз есіміңіз бен телефон нөміріңізді қалдырыңыз. Біз сізбен жақын арада хабарласамыз.

    Логистика

    Synergy Partners логистика және көлік жобаларын жүргізуде айтарлықтай құқықтық тәжірибеге ие.

    • Теміржол тасымалдауы бойынша шикі мұнайды Қазақстан және Ресей аумағында тасымалдау үшін бронь кодтарын беру туралы сервис келісімшарты бойынша құқықтық қорытынды беру; келісімнің талаптары бойынша сақтандыру полистерінің болуы жөнінде Қазақстан заңнамасына қатысты консультациялар.

    • Ақтау қаласындағы логистикалық компанияны қайта тіркеу рәсімдерін жүргізу.

    • Әуе тасымалдаушысына кеден депозитін қайтару бойынша консультациялар.

    • Қазақстанға байланыс жабдықтарын әкелу және төлем көзі бойынша салық туындауы туралы ұялы байланыс операторына консультациялар.

    • Көлік компаниясы үшін теңізшілердің жұмыс вахталары бойынша консультациялар.

    • Көлік компаниясы атынан персоналды жұмыстан босату бойынша келіссөздер жүргізу.

    • Теңіз кемелерін сатып алу үшін заем алу ұйымдастыру және үйлестіру, сонымен қатар көлік саласында қосалқы компания құру.

    • Көлік компаниясының банктік шоттарынан тыйымды (арест) алу.

    • Қазақстанға тауарлар импортталғанда ықтимал кедендік баждар, салықтар және алымдар туралы ресейлік компанияны консультациялау.