Шарттар мен келісімшарттар
Іс-тәжірибемізге сүйенсек, бизнеске мұқият пысықталған, редакцияланған және барлық талаптары нақты келісілген шарттар қажет. Дәл әрі дұрыс жасалған шарттар түсінбеушіліктердің алдын алуға, тәуекелдер мен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Жақсы құрылымдалған келісімшарттар белгілі бір кедендік және салықтық артықшылықтарға қол жеткізуге де жағдай жасайды.
Synergy Partners заң фирмасының сауда және коммерция, сервистік қызмет көрсету және құрылыс, банктік кредиттеу және қаржыландыру, бағалы қағаздар, бизнесті сатып алу және сату, жер қойнауын пайдалану салаларында шарттармен жұмыс істеуде мол тәжірибесі бар. Біздің заңгерлер шарттардың жекелеген ережелерін талдауға, тиісті консультациялар мен түсіндірмелер беруге, қажетті өзгерістер енгізуге немесе қосымша келісімдер, актілер және өзге де құжаттарды әзірлеуге, сондай-ақ оларды тиісті мемлекеттік органдарда тіркеуді жүзеге асыруға дайын.
Біз келесі келісімшарттармен жұмыс істеу тәжірибесіне иеміз.
Сауда саласындағы шарттар
- Тауарларды сатып алу-сату шарты (көтерме немесе бөлшек)
- Тауарларды өткізу шарты
- Тауар жеткізу шарты
- Дистрибьюторлық шарт
- Дилерлік шарт
- Дистрибьюторлық желіні сату шарты
- Франчайзинг шарты
- Жүкті сақтандыру шарты
- Тасымалдауды сақтандыру шарты
Құрылыс және дизайн саласындағы шарттар
- Мердігерлік шарты
- «Кілтке дейін» құрылыс шарты
- «Кілтке дейін» офис дизайны шарты
- FIDIC үлгісіндегі мердігерлік шарттар
- Жөндеу жұмыстары шарты
- 3D офис дизайны шарты
Кредиттеу және қаржыландыру саласындағы шарттар
- Банктік қарыз шарты
- Қарыз беру шарты
- Синдикатталған қарыз шарты (LMA негізінде)
- Банктік бірлескен қаржыландыру шарты
- Аралық қаржыландыру шарты (LMA негізінде)
- Банктік кепілдік шарты
- Эскроу шарты
- Кепіл шарты
- Құпиялылық туралы келісімдер
- Инвестициялық немесе брокерлік қызметтер көрсету туралы келісімдер
- Кері сатып алу (репо) келісімдері
- Опциондық келісім
- Айырбас (своп) шарты
- Бағалы қағаздарға жазылу шарты
- Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты
- Банктік шотты пайдалану туралы келісім
Қызмет көрсету саласындағы шарттар
- Консалтингтік, ақпараттық, инвестициялық, брокерлік, маркетингтік, аудиторлық, инжинирингтік, заңгерлік қызметтер көрсету шарттары.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы шарттар
- Жер қойнауын пайдалану шарты
- Өнімді бөлу туралы келісім (PSA)
- Бірлескен қызмет туралы келісім (JOA)
- Сервистік шарттар (бұрғылау)
- Жауапкершілікті сақтандыру шарттары
- Жер қойнауын пайдаланушыдағы қатысу үлесін сатып алу-сату шарттары
- Жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу-сату шарттары
- Акционерлер келісімдері
- Персоналды жалға алу шарттары
- Арнайы техниканы жалға алу шарттары
- Геологиялық ақпаратты өңдеу шарты
- Құрылыс мердігерлігі шарттары
