Хабарлама
Сауда-саттық өткізілді
Нысан жекешелендірілді
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, САУДА!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті республикалық меншіктегі объектіні сату бойынша екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс 2018 жылғы 15 маусымда сағат 15:00-де Астана қаласының уақыты бойынша өткізіледі. Конкурсқа екі кезеңді рәсімдер арқылы келесі ұйымның мемлекеттік акциялар пакеті қойылады:
Ұйымның атауы: «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ
Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Абылай хан даңғылы, 42
Қызмет түрі: жоғары мамандандырылған стационарлық медициналық көмек көрсету
Сатылатын мемлекеттік акциялар пакетінің мөлшері, жарғылық капиталдағы үлесі және акциялар саны: 100%, 12 226 405 жай акция
Бастапқы баға: 5 700 000 000 теңге
3 (үш) жыл мерзімге бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл ретте сату-сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде сату бағасының кемінде 15% (он бес пайызы) мөлшерінде бастапқы жарна төленуі тиіс. Қалған сома Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі негізінде сыйақы есептей отырып, тоқсан сайын тең үлестермен төленеді.
Жекешелендіру объектісі туралы қосымша ақпаратты мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-сайтынан немесе жекешелендіру объектісі бойынша мәмілені сүйемелдейтін тәуелсіз консультант – «Synergy Partners Law Firm» ЖШС-нен алуға болады: Алматы қаласы, Достық даңғылы 128, 73-пәтер; тел.: +7 (727) 390-15-10, web: www.synergy-law.com, email: sta@synergy-law.com
Кепілдік жарна: 72 150 000 теңге
Кепілдік жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің келесі деректемелері бойынша төленеді: № KZ420705012170034006, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ, БИК KKMFKZ2A.
Конкурс шарттары:
Сатып алушы 5 (бес) жыл бойы қызмет бейінін сақтауға міндеттенеді;
Сатып алушы 5 (бес) жыл бойы көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесін сақтауға міндеттенеді;
Сатып алушы 5 (бес) жыл ішінде Қоғамның акциялар пакеті мен мүлкіне қатысты мәмілелерді (қайта сату, кепілге беру, басқаруға беру және т.б.) жасамауға міндеттенеді;
Сатып алушы акциялар пакеті меншік құқығы өзіне өткенге дейінгі кезең үшін қолданыстағы акционердің пайдасына дивидендтер төлеуді қамтамасыз етуге міндеттенеді;
Сатып алушы Сатушы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті), Сатып алушы және Тәуелсіз консультант («Synergy Partners Law Firm» ЖШС) арасында Компанияны сату бойынша төленетін пайызды Тәуелсіз консультантқа төлеу жөніндегі міндеттемені көздейтін келісім жасасуға міндеттенеді.
Сатып алушыға қойылатын талаптар:
Конкурс өткізілген күнге дейінгі 24 ай ішінде сатып алушыға қатысты оңалту немесе банкроттық рәсімдері қолданылмауы тиіс;
Сатып алушының осыған ұқсас салада кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
Өтінімдер:
Конкурстық өтінімдер келесі мекенжай бойынша қабылданады: «Synergy Partners Law Firm» ЖШС, Алматы қаласы, Достық даңғылы 128, 73-пәтер; тел.: +7 (727) 390-15-10, web: www.synergy-law.com, email: sta@synergy-law.com
Data Room:
Жекешелендіру объектісі туралы қосымша ақпаратты мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-сайтынан немесе жекешелендіру объектісі бойынша мәмілені сүйемелдейтін тәуелсіз консультант – «Synergy Partners Law Firm» ЖШС-нен алуға болады: Алматы қаласы, Достық даңғылы 128, 73-пәтер; тел.: +7 (727) 390-15-10, web: www.synergy-law.com, email: sta@synergy-law.com
Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс өткізу тәртібі:
Тәуелсіз консультант конкурс күніне келіп түскен, әлеуетті сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстары бар өтінімдердің тізбесін қалыптастырады.
Сатушы тәуелсіз консультанттың қатысуымен өтінімдер тізбесі бойынша әлеуетті сатып алушылармен (инвесторлармен) келіссөздер жүргізіп, келіссөздер барысында ең үздік ұсыныстар жасаған кемінде екі әлеуетті сатып алушыны (инвесторды) айқындайды (конкурстың бірінші кезеңі).
Сатушы тәуелсіз консультанттың қатысуымен бірінші кезең жеңімпаздарымен бұрын ұсынылған шарттарды жақсарту мақсатында бір жұмыс күні ішінде келіссөздер жүргізеді (конкурстың екінші кезеңі).
Келіссөздердің әрбір кезеңінің қорытындысы бойынша сатушы, тәуелсіз консультант және конкурстың барлық қатысушылары екі кезеңді рәсімдер арқылы өткізілген конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды.
Екі кезеңді рәсімдер арқылы өткізілген конкурстың жеңімпазы – конкурстың екінші кезеңінде ең үздік шарттарды ұсынған әлеуетті сатып алушы (инвестор).
Жеңімпазбен сатып алу-сату шарты екі кезеңді рәсімдер арқылы өткізілген конкурстың екінші кезеңі нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей жасалады.
Комиссия отырысында қатысушылардың ұсыныстары бар өтінімдер комиссияның барлық мүшелерімен зерделеніп, салыстырылады. Комиссия конкурс талаптарының сақталуын, қажетті ақпарат пен құжаттардың болуын тексереді.
