СЕМИНАР: ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНА ШОЛУ, СОТ ТӘЖІРИБЕСІ
Семинарда сіз келесі мәселелерді білесіз:
- еңбек дауларының шартты классификациясы және олардың қалай аяқталатыны;
- қандай сот шешімдері шығарылды және әртүрлі дауларда соттар қандай ұстанымда болады;
- тіпті ұсақ-түйек үшін де соттасатын қызметкердің белгілері;
- компания өзін ең аз шығынмен қалай тиімді қорғай алады;
- еңбек дауларын сотқа жеткізбей, қалай тиімді шешуге болады;
- қай жағдайда дауларды заңгерлерге тапсыру керек, ал қай жерде қызметкермен келісу қажет;
- қызметкерлермен келіспеушіліктер санын азайтуға мүмкіндік беретін құралдар;
- неліктен еңбек даулары HR стратегиясына және компанияның имиджіне кері әсер етуі мүмкін.
Семинар кең ауқымды тұлғаларға, HR менеджерлерге, бухгалтерлерге, кез келген бөлім басшыларына, қаржы менеджерлеріне және заңгерлерге арналған.
Семинардың күні мен уақыты
2021 жылғы 8 сәуір, сағат 11:00 – 12:30 (Алматы уақытымен), Zoom немесе Google Meet платформалары арқылы онлайн режимде.
Қатысу шарттары
Бір адамға тіркеу құны — 10 мың теңге. 100% алдын ала төлем жасалуы тиіс. Алғашқы тіркелген тұлғалар үшін және бірге тіркелгендер үшін әртүрлі жеңілдіктер қарастырылған. Қатысу үшін төлемді карта арқылы немесе компанияның шотына аудару арқылы жасауға болады.
Байланыс ақпараты
Семинарға қатысу және алдын ала жазылу мәселелері бойынша келесі тұлғаға хабарласыңыз: Айдана Мурат Телефон: +7 (727) 390-15-10 (ішкі 713) Мобильді: +7 747 645 3900 Электрондық пошта: am@synergy-law.com
Семинарды Synergy Partners компаниясының сот талқылаулары, еңбек және көші-қон заңнамасы сияқты әртүрлі салаларының заңгерлері өткізеді: Али Дауталинов, Анар Дауталинова, Нуржан Стамкулов, Айдана Сатимова.
Спикерлердің тәжірибесі мен түйіндемесі туралы толық ақпаратты біздің сайтымыздың «Біздің команда» бөлімінен көре аласыз.
