Call request

    Please leave your name & phone number. We will contact you ASAP

    Қоңырауға тапсырыс

    Атыңызды енгізіңіз.
    Телефон нөмірін дұрыс енгізіңіз.

    Өз есіміңіз бен телефон нөміріңізді қалдырыңыз. Біз сізбен жақын арада хабарласамыз.

    2020 жылға арналған Компанияның дербес деректерді қорғау жөніндегі құжаттары

    «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңға сәйкес, Компанияда 2020 жылға дербес деректерді қорғау жөніндегі келесі құжаттар болуы тиіс:

    • Компанияның «Дербес деректерді қорғауға жауапты тұлғаны тағайындау туралы» бұйрығы;
    • Компания бекіткен «Дербес деректердің тізбесі». Бұл тізімде Компания жұмыс істейтін барлық дербес деректер болуы тиіс;
    • Дербес деректерді қорғау және оларды сақтау орны туралы ереже/саясат;
    • Компания бекіткен «Дербес деректерге қолжетімділігі бар тұлғалардың тізімі»;
    • Жеке тұлғалардың: Компания қызметкерлерінің, клиенттердің, өнім берушілердің және өзге де тұлғалардың өздерінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға, үшінші тұлғаларға беруге келісімі.

    Жеке тұлғалардың келісімін бөлек жинауға болады немесе клиенттер көптеген қағаздарға қол қоймауы үшін мұндай келісімді қолданыстағы шартқа қосуға болады.

    Құжаттардан бөлек, Компания дербес деректерді қорғау үшін бірқатар шаралар қабылдауы қажет. Мұндай шаралар туралы толығырақ білу үшін біздің шолуларымызды қадағалап отырыңыз.

    Егер Компанияда дербес деректерді қорғау жөніндегі құжаттар болмаса және Компания дербес деректерді қорғау шараларын орындамаса, онда Компанияда әкімшілік, азаматтық немесе қылмыстық жауапкершілік туындауы мүмкін.

    Компанияға салынатын айыппұл 50 мың теңгеден 2,5 млн теңгеге дейін болуы мүмкін.

    Қылмыстық бұзушылықтар кезінде 13 млн теңгеге дейін айыппұл салынады немесе жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе одан айыру жазасы қолданылады.

    Сондай-ақ, егер Компания жеке тұлғаның дербес деректерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етпесе, ол тұлға Компанияға өзінің нұқсаны мен шеккен залалдарын өтеу туралы талап қоя алады.

    Болашақта жағымсыз салдарды болдырмау үшін, сондай-ақ «Дербес деректер туралы» Заң талап еткендей дербес деректерді қорғау шараларын орындау үшін дербес деректерді қорғау жөніндегі барлық қажетті құжаттарды алдын ала дайындап қоюды ұсынамыз.