Call request

    Please leave your name & phone number. We will contact you ASAP

    Қоңырауға тапсырыс

    Атыңызды енгізіңіз.
    Телефон нөмірін дұрыс енгізіңіз.

    Өз есіміңіз бен телефон нөміріңізді қалдырыңыз. Біз сізбен жақын арада хабарласамыз.

    Қосылу және Бірігу

    Synergy Partners компанияларының қосылуы мен бірігуі (M&A) саласында кең тәжірибеге ие. Біз мұнай-газ, тау-кен, фармацевтика, IT және өндіріс саласындағы компанияларды сатып алу және сату бойынша ірі жобаларды жүзеге асырдық.

    • Құқықтық аудит
    • Салықтық аудит
    • Салықтық оңтайландырулар
    • Мәмілені құрылымдау
    • Оффшорлық компанияларды қолдану
    • Мемлекеттік келісімдер мен рұқсаттар
    • Активтерді аудару және компанияларды қайта құрылымдау
    • Келісімдер мен шарттар
    • Бірлескен кәсіпорындар
    • Корпоративтік басқару
    • Қаржыландыру
    • 2015 жылы үш қазақстандық IT компаниясының толық құқықтық аудитін жүргіздік (post M&A), Ресейлік екі акционерлік топ СНГ бойынша бизнесті біріктіруде тәжірибе жинады.
    • 2015 жылы Қазақстандағы кейтеринг компаниясының 24%-ын сатып алу бойынша келіссөздер жүргіздік, салықтық оңтайландыруларды ұсындық, холдинг құрылымын жасадық, сатып алу шарты мен барлық қажетті құжаттарды дайындадық.
    • 2014 жылы Оңтүстік Қазақстандағы ванадий кен орнын иеленетін тау-кен компаниясын 100% сатып алу мақсатында толық құқықтық аудит жүргіздік.
    • 2014 жылы өндірісті автоматтандыру саласындағы 20 қазақстандық компанияны алдын ала құқықтық аудиттен өткізіп, ірі еуропалық концернге сатып алу үшін екі сәйкес компанияны анықтадық.
    • 2014 жылы фармацевтикалық компанияның Қазақстан заңнамасына сәйкестігін тексердік (бір акционер – Еуропалық қайта құру және даму банкі).
    • China Development Bank-ке $400 млн on-lending несие бойынша кеңес бердік; соңғы қарыз алушыға қатысты таңдамалы құқықтық аудит жүргізіп, Қазақстан заңына сәйкес legal opinion бердік.
    • 2013 жылы Маңғыстау облысындағы ірі мұнай-газ кен орнын иеленетін бес компанияның толық құқықтық аудитін жүргіздік ($300 млн).
    • 2013 жылы Актобедегі ірі хром кен орнын иеленетін үш компанияның құқықтық аудитін жүргізіп, 1998–2013 жылдар аралығындағы меншікті құқықтарды қалпына келтірдік, сатып алу келісімін ағылшын құқығы бойынша жасадық ($450 млн).
    • 2013 жылы Батыс Қазақстан облысындағы мұнай-газ компаниясын 100% сатып алу үшін құқықтық аудит жүргіздік, ағылшын құқығы бойынша сатып алу шарттарын жасақтадық, барлық мемлекеттік рұқсаттарды алдық ($120 млн).
    • 2013 жылы екі компаниядан тұратын мұнай-газ компаниясына қатысты 49% акцияны сатып алу жобасын жүзеге асырдық, рамка келісім мен акционерлік келісімдер жасадық, 350 млн АҚШ долларын кезең-кезеңімен қаржыландыруды қамтамасыз еттік.
    • 2013 жылы қазақстандық тау-кен компаниясын Австралия қор биржасында листингтелген компаниямен кері біріктіру бойынша құқықтық аудит жүргіздік, мемлекеттік келісімдер алу бойынша барлық жұмыстарды жасақтадық.
    • 2013 жылы Лондон қор биржасында (AIM) листингтелген тау-кен компаниясын сатып алу үшін құқықтық аудит жүргіздік, 51% акцияларды конверттелетін қарыз құралдары арқылы алу бойынша келісімдер жасақтадық, барлық мемлекеттік рұқсаттарды алдық.
    • 2013 жылы Алматы қаласының әкімдігі мен оның компаниясының мүддесінде Эко-такси жобасын жүзеге асырдық: активтерді (200 автокөлік) сатып алу, кепілдік және міндеттемелер келісімдерін дайындау, қаржыландыруды қайтару схемасын жүзеге асыру ($10 млн).
    • 2012 жылы екі фармацевтикалық компанияны сатуға қатысты барлық жұмыстарды жүргіздік, оффшорлық компаниялар құрдық және сатып алушыға бердік, экономикалық концентрацияға рұқсаттарды келісіп, сатушы мүддесінде ағылшын құқығы бойынша сатып алу шарттарын бекіттік.