Call request

    Please leave your name & phone number. We will contact you ASAP

    Қоңырауға тапсырыс

    Атыңызды енгізіңіз.
    Телефон нөмірін дұрыс енгізіңіз.

    Өз есіміңіз бен телефон нөміріңізді қалдырыңыз. Біз сізбен жақын арада хабарласамыз.

    Хабарлама

    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, САУДА-САТТЫҚ!

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті республикалық меншік объектісін сату бойынша екі кезеңдік рәсім арқылы тендер өткізілетінін хабарлайды.

    Екі кезеңдік рәсім арқылы тендер 2017 жылғы 8 желтоқсанда сағат 15:00-де Астана қаласының уақыты бойынша өтеді.

    Екі кезеңдік рәсім арқылы келесі ұйымның мемлекеттік акциялар пакеті сауда-саттыққа шығарылады:

    Ұйымның атауы: «Астана қонақ үйі» АҚ
    Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Абай даңғылы, 47
    Қызмет түрі: Қонақүй қызметтерін көрсету
    Сатылатын мемлекеттік акциялар пакеті: жарғылық капиталдың 100%, 21 121 970 жай акция
    Бастапқы баға: 5 760 408 000 теңге

    Төлемді 1 (бір) жыл мерзімге бөліп төлеу қарастырылған. Бұл ретте сату бағасының кемінде 15% (он бес пайызы) мөлшеріндегі бастапқы жарна сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде төленуі тиіс. Қалған сома тоқсан сайын тең үлестермен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі негізінде сыйақы есептеу арқылы төленеді.

    Кепілдік жарна: 68 070 000 теңге

    Кепілдік жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің келесі деректемелеріне аударылады:
    № KZ800705012170034001, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ, БИК KKMFKZ2A.

    Конкурс шарттары:

    • Сатып алушы 3 (үш) жыл ішінде қонақүй бизнесінің бейінін сақтауға міндеттенеді;
    • Сатып алушы 3 (үш) жыл ішінде «5 жұлдыз» мәртебесін сақтауға міндеттенеді;
    • Сатып алушы 2018 жыл ішінде қолданыстағы кредиторлық берешекті өтеуге міндеттенеді;
    • Сатып алушы 3 (үш) жыл ішінде қазақстандық қызметкерлердің жұмыс орындарының санын және жалақы деңгейін сақтауға міндеттенеді;
    • Сатып алушы Сатушы (ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті), Сатып алушы және Тәуелсіз консультант («Synergy Partners Law Firm» ЖШС) арасында Компанияны сату бойынша пайызды Тәуелсіз консультантқа төлеу міндеттемесін көздейтін келісім жасасуға міндеттенеді.

    Сатып алушыға қойылатын талаптар:

    • Сатып алушы тендер өткізілетін күнге дейінгі соңғы 24 ай ішінде оңалту немесе банкроттық рәсімдерінде болмауы тиіс.

    Өтінімдер:

    Конкурстық өтінімдер келесі мекенжай бойынша қабылданады:
    «Synergy Partners Law Firm» ЖШС, Алматы қаласы, Достық даңғылы 128, 73-пәтер;
    тел.: +7 (727) 390-15-10;
    web: www.synergy-law.com;
    email: sta@synergy-law.com