Қоңырауға тапсырыс
 

Қазақстандағы импорт пен экспортты реттеу

24 қыркүйек 2015

Қазақстандағы импорт пен экспортты реттеу
Synergy Partners-тің шолуы, мамыр 2014 жыл


Кеден заңнамасы

 

Көбінесе импорт және экспорт Қазақстан Республикасының Кеден заңнамасына сәйкес реттеледі. Қазақстан ДСҰ мен Еуразиялық Экономикалық Одақтың мүшесі болып табылады. Бұл қарым-қатынастар халықаралық келісімшарттармен реттеледі.

Кеден төлемдері


• Кеден бажы;
• Кеден алымдары;
• Мемлекеттік баж;
• Алдын ала шешім алымдары


Сонымен қатар салық органдары салық кодексімен қарастырылған тәртіпте салық ұстайды. Мұндай салықтарға қосылған құны салығымен акциздер жатады. Сонымен қатар салық органдарының құзыретіне тауарлардың импорты және экспортымен байланысты төлемдерді жинау кіреді. Кеден органдары трансферттік баға белгілеуді реттеу туралы ережелерге сәйкес, кедендік құнына қатысты түзетулер жасауға құқылы.

Импорт бажылары


Салық кодексіне сәйкес импортқа 12% мөлшерде ҚҚС-мен қатар, көп жағдайда шамамен 20% мөлшерді құрайтын кеден алымдары салынады. Кеден алымдарының жалпы сомасы 32% құрайды.

Кедендік тазартпа

Кедендік тазартпа Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізілетін кез келген тауар үшін қажетті процедуралардың бірі. Тазартпа процедурасы барлық салықтар мен алымдардың уақытылы жүргізілетінің кепілі ретінде қарастырылады. Кедендік тазартпа үдерісі қиын шаралардың бірі. Кеден органдары қажетті құжаттардың жарамдылығы мен бар болуына қатысты қатал талаптар қоюда.

Экспорт бажылары

Шикі мұнайды экспорттауға қатысты кеден бажы қарастырылған. Үстеме 1 тонна үшін 60 АҚШ долларын құрайды.

Экспортқа маусымдық тыйым салу

Қазақстан Республикасының үкіметі бензин мен дизельдік отынның көктемгі және кузгі тапшылығын болдырмау мақсатында мұнай өнімдерінің экспортына мезгіл-мезгіл тыйым салады.

Еуразиялық Экономикалық Одақ

2010 жылдың 1 маусымынан бастап, Ресей, Белорусь және Қазақстан тауарлардың емін-еркін тасымалдануы арқылы одақтың мүше-мемлекеттерінің арасындағы сауданы ұлғайту мақсатында Кедендік одақты құрды. 2014 жылдан бастап, Қазақстан Еуразиялық Экономикалық Одақтың мүшесі атанды және бұл одақ тауарлардың, жұмыстардың сонымен қатар жұмыс күштерінің емін-еркін айналымының арқасында Кедендік Одақты өзімен алмастырды.
Мүше-мемлекеттер арасындағы тауарлардың экспорты нөлдік кедендік үстеме арқылы жүзеге асырылады. Еуразиялық Экономикалық одақ шегінде тауарларды экспорттайтын салық төлеуші нөлдік үстемені қолдану үшін салық органдарына тиісті құжаттарды тапсыруға тиіс.