Қоңырауға тапсырыс
 

SEF-2015 Almaty

 
Қараша айының 17 - 18 күндері, Алматы қаласында ТМД және Орталық Азия бойынша 3-ші Халықаралық тұрақты энергетика форумы өтті.

Әлжан Стамкулов Synergy Partners компаниясының басқарушы серіктесі форум барысында «Заңнамалық өріс және Қазақстанда энергия тиімділік жобаларын дамыту бастамалары» атты тақырыбына өз пікірін білдірді. Әлжан энергия тиімділігін арттыру заңнамасы туралы және энергия тиімділігін арттыру үшін заңнамалық кедергілер мен мотивация жайлы мысалдар келтірді. Synergy Partners энергия тиімділігі және «жасыл экономика» бойынша айтарлықтай құқықтық сараптама жинақтады.

SEF-2015 Алматы - энергия тиімділігін, жаңартылатын энергия көздерін және басқа да тұрақты энергетикалық тақырыптар секторында бизнесті дамытуға арналған аса маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. SEF-2015 Алматы Форумы туралы қосымша ақпаратты www.energyforumkz.com сайтынан алуға болады.

 
Басқа жаңалықтар