Қоңырауға тапсырыс
 

Хабарлама

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА-САТТЫҚ!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті республикалық мүліктің сатылуы хабарлайды
 


Екі кезендік рәсімдер арқылы өткізілетін конкурс 2018 жылдың 14 желтоқсанында Астана уақытымен сағат 15:00 орын алады.
Екі кезендік рәсімдер арқылы өткізілетін конкурсқа мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік кәсіпорын сауда-саттыққа ұсынылады:

Ұйымның атауы: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК

Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 27-үй.

Қызмет түрі: Төтенше және апаттық жағдайлар кезіндегі профилактикалық және арнайы жұмыстарды жүргізу

Бастапқы баға: 5 150 000 000 теңге

Кепілдікті жарна: 72 150 000 теңге

Кепілдік жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің келесі реквизиттеріне төленеді: № KZ420705012170034006 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РМК, БИК KKMFKZ2A.

Конкурстың шарттары:

  1. Кәсіпорынның қызмет бағдарын және Кәсіпорын көрсететін қызмет түрлерін кем дегенде 5 (бес) жыл бойы сақтау;
  2. Жұмыс орындарының санын кем дегенде 5 (бес) жыл бойы сақтау;
  3. Сатушының және Тәуелсіз кеңесшінің арасында Сатып алушының Тәуелсіз консультантқа Ұйымды сатқаны үшін проценттік сыйақыны төлеу міндетін қамтитын келісімшартты жасау.

Өтінімдерді қабылдау:

Конкурстық өтінімдер келесі мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қ., Достық 128 даңғылы, 73-пәтер «Synergy Partners Заң Фирмасы» ЖШС, тел.: +7 (727) 390-15-10, веб-сайты: www.synergy-law.com

Конкурсқа қатысушыларды екі кезеңдік рәсімдер арқылы тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жасалады және 2018 жылдың 13 желтоқсанында сағат 15.00-де аяқталады.

Екі кезендік рәсімдер арқылы өткізілетін конкурсқа қатысу үшін алдын-ала ұсынылған нысанда төмендегі ақпарат көрсетілген өтінімді тәуелсіз кеңесшіге ұсыну қажет: 

  1. жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), тегі, аты и әкесінің аты (бар болған жағдайда);
  2. заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты и әкесінің аты (бар болған жағдайда);
  3. кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шоттың реквизиттері;
  4. байланыс деректері ( пошталық мекенжай , телефон, факс, e-mail);
  5. екі кезендік рәсімдер арқылы өткізілетін конкурстың барлық талаптарына сәйкес келу үшін конкурсқа қатысушының қалауы бойынша өзге деректер мен құжаттар.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерсе, қатысушы деректерді өтінімде бір күн ішінде өзгертеді. 

Data Room (деректер бөлмесі): Кәсіпорын туралы толық ақпарат алу, Кәсіпорынның корпоративтік, қаржылық және өзге де құжаттарымен танысу, Data Room-ға (деректер бөлмесі) қол жеткізу үшін, Сіздерді Synergy Partners Заң Фирмасымен байланысуларыңызды сұраймыз, тел: +7 (727) 390-15-10, email: nas@synergy-law.com

Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс өткізу тәртібі:

Тәуелсіз консультант әлеуетті сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстары бар конкурс күніне түскен өтiнiмдерiнің тiзбесiн қалыптастырады.

Келiссөздер барысында ең жақсы ұсыныстарды ұсынған (конкурстың бірінші кезеңі) кемiнде екi әлеуетті сатып алушыны (инвесторды) анықтау мақсатында, өтiнiмдердiң тiзбесi бойынша тәуелсіз консультанттың қатысуымен сатушы әлеуетті сатып алушылармен (инвесторлармен) келiссөздер жүргізеді.

Сатушы бұрын ұсынылған шарттарды жақсарту нысанасына тәуелсіз консультанттың қатысуымен конкурстың бiрiншi кезеңiнiң жеңiмпаздарымен келiссөздер жүргізеді (конкурстың екiншi кезеңi).

Сатушы, тәуелсіз консультант және екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурстың барлық қатысушылары келiссөздiң әрбiр кезеңiнiң өткiзiлу қорытындылары бойынша оның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды.

Екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурстың екiншi кезеңi барысында ең жақсы шарттарды ұсынған әлеуетті сатып алушы (инвестор) екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың жеңiмпазы болып танылады.

Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурстың екінші кезеңі нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

Комиссияның отырысында қатысушылардың ұсыныстары жазылған өтiнiмдердi комиссияның барлық мүшелерi зерделейдi және салыстырады. Комиссия барлық конкурс формальдылықтарының сақталуын тексередi, талап етiлетiн мәлiметтер мен құжаттардың бар-жоғын айқындайды.

Қосымша ақпарат:

Кепілдік жарнаның уақтылы түсуі мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті кепілдік жарнаны өтінімді бергенге дейін төлеуге кеңес береді.

 

***