Қоңырауға тапсырыс
 

Компаниялар, филиалдар, өкілдіктер

Synergy Partners Заң Фирмасы корпоративтік істер бойынша заңгерлік қызметтің барлық түрлерін ұсынады. 
  
Қызмет түрлері
  • ЖШС тіркеу
  • ЖШС қайта тіркеу
  • Шетелдік компаниялардың өкілдіктері мен филиалдарын тіркеу
  • Құрылтайшылық құжаттар мен жарғыларды өзгерту
  • ЖШС қосылуы
  • ЖШС бөліп шығару
  • Корпоративтік басқаруды әзірлеу, жарғыны өзгерту
  • Акционерлік келісімдер мен құрылтайшылық құжаттарды әзірлеу
  • Компанияның ішкі саясатын әзірлеу
  • Директордың ауысуы
  • Мекенжайды ауыстыру
Кеңес беру
 
Іс жүзінде, бас директордың құзыретіне қатысты, оның жұмыстан босатылуы, акционерлердің, басқарманың, қадағалау кеңесінің жалпы жиналысының шақырылымы мен мәжілісі жөнінде көптеген сұрақтар туындайды. Сонымен қатар, шетелдік тәжірибеге сәйкес екі бас директорды тағайындау, сырттай және қашықтан дауыс беру, құжаттарды Қазақстан Республикасы және басқа да хұкіметтер үшін апостилдеу мәселелері жөнінде сұрақтардың пайда болуы орынды. Жарғылық капиталдағы қатысушының үлесін мәжбүрлі түрде сатып алу, сондай-ақ жалпы акционерлердің/қатысушылырдың жиналысының жөнділігі мен негізділігі маңызды мәселелердің бірі.

Құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, біздің заңгерлеріміз сізге толық және де жан-жақты жауап беруге дайын. Біз бар мүмкіндіктерді ашамыз, әлуетті құқықтық тәуекелдердің болуын жан-жақты қарастырамыз, заңнаманы түсіндіреміз, кез-келген жағдайға қатысты ұсыныстар жасаймыз. Қойылған сұрақтарға жауап берумен қатар, біз тәсімдерді дамыта отырып, жоғарыда аталған мәселелерге қатысты өз шешімдерімізді ұсына аламыз.
 
Холдингті құру мен қайта құрылымдау

Бизнес бірнеше тәуелсіз компаниялардан құрылуы мүмкін. Нәтижелі бақылау мен басқару – табысқа жетудің түйінді мәнтірлерінің бірі. Бірнеше компаниялар тобынының бір компанияның қарамағында болуы басқару ресурстарын үнемдеуге, қаржыландыруды ұйымдастыруға, көп салалы бизнесті дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, заңды тұлғалар тобының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің барлық құрылымын оңтайландыру қажет болуы мүмкін. Топтың қайта құрылымдануы салықтық оңтайландыруға, еншілес ұйымдарды бақылау үшін басқару жүйесін енгізуге, бұрыс шешімдерді қабылдау сатысында тәуекелдерді мейлінше азайтуға, жеке құрылымдарды бақылау жағын нығайтуға, белгілі бағыт бойынша бизнесті немесе жобаларды қалыптастыруға бағытталған.
 
Қызметтеріміз
  • Басқару тәуекелдері мен құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша кеңес беру
  • Холдингтің корпоративтік құрылымына қатысты құқықтық аудитті жүргізу
  • Холдингті қайта құрылымдау мәселелері бойынша кеңес беру
  • Оффшорлық компаниялар мен хұкіметтерді таңдау
  • Оңтайлы салық хұкіметтерін таңдау
  • Басқару, трасттар және корпоративтік басқару мәселелрі бойынша кеңес беру
  • Холдингтің оңтайлы құрылымын әзірлеу
  • Оффшорлық компанияларды құру және тіркеу
  • Активтерді, бизнес пен операцияларды салық хұкіметі жағынан аса тиімді бағытқа ауыстыру