Біздің стандарттарымыз
Synergy Partners-тің құндылықтары
- Клиенттің мудделерін қолдау. Біз клиентімізге пайда тигізумен қатар оның мүддесін қорғау мақсатында әрекет етеміз. Клиенттің муддесі біз үшін мыңызды. Бірақ, бұл клиенттің айтқанының бәрін орындау дегенді білдірмейді.
- Тәуелсіздік. Біз еркін және тәуелсізбіз. Біз тексеріс жүргізе отырып, мүдделер жанжалдарының шығуыннан алшақпыз. Біз ешкіммен байланысты емеспіз. Біз тек қана өзіміздің пікірлерімізге, тәжірибемізге, көрінулеріміз бен білімімізге негізделеміз. Түрлі жағдайларға қарамастан біз әділдік пен әділеттікті қолдаймыз. Клиентті жоғалтып алу мүмкіндігіне қарамастан біз клиенттерімізге тек қана шындықты айтамыз .
- Құпиялылық. Біз құпиялылықты сақтаймыз. Фирма ішінде ақпараттармен жұмыс істеуге қатысты катаң ережелер бекітілген. Ақпаратқа тек қана онымен тікелей жұмыс істейтін заңгерлеміздің рұқсаты бар.
Жұмысқа деген көзқарас
- Нәтижеге жету бағдарлығы. Біз нәтижелерге жетуге ұмтыламыз. Біз нәтижеге жету үшін әр клиентімізге ең жақсысын ұсынамыз.
- Парасаттылық. Біз адал ниетпен әрекет істейміз. Біз алдыға қойылған мәселелерді жан-жақты қарастыра отырып, әрекеттерді, фактілерді, заңнаманы, ғылыми құқықтық теориясын, клиентіміздің іскерлік және коммерциялық болжалдарын бір тұрғыдан қарастырамыз. Мәселелерді толық қарастыру - біздің жұмысқа қатысты егжей-тегжейлер немесе жағдайларды көзден таса қылмауға көмек береді.
- Жеделдік. Біз барлық сұрақтарға жедел әрекет етеміз. Біз өз жұмысымызды жедел орындауға тырысамыз. Біз жедел әрекеттің маңыздылығын түсінеміз, бірақ сапамен қамтамасыз ету үшін қажетті уақытты пайдаланамыз. Біздің заңгерлеріміз клиенттің және фирманың ресурстарын бірдей қолданады.
- Этика мен заңнаманы ұстану. Біз этика және де оған қатысты мәселелер жөніндегі қағидаларды қатаң ұстанамыз. Біздің ісімізде этика мен мәдениет аса құнды.