Қоңырауға тапсырыс
 

Әкелінген тауарға қатысты ҚҚС-ның қосынды есептеулерін жасау

3 қараша 2011
Жағдай
 
Компания Қазақстанға электр желісінің жабдықтарын импорттау үшін ескі Салық кодексінің 250 (бұл бап 2017 жылға дейін жарамды) бабын қолданғандықтан, ҚҚС-н есептеу тәсілі арқылы төледі. Бір жылдан соң компания жабдықтарды басқа компанияға сатып жіберді. Екі жылдан кейін кедендік тексерістің барысында компанияның ҚҚС-н есептеу тәсілі арқылы төлеудің шарттарын бұзғаны аңықталды. Нәтижесінде билік ҚҚС мен өсімақылардың қосынды есептеулерін жасады.

Мұндай жағдайда қалай және қандай әрекетерді қолдануға болады?

Шешім

Мұндай жағдайларда:
 
1. тауардың әкелу тәртібін және ҚҚС-н есептеу тәсілі арқылы төлеудің шарттарын толықтай тексеру;
2. керек болған жағдайда, ҚҚС-н есептеу тәсілі арқылы төлеудің шарттарын пайдалану туралы кәсіби мамандармен кеңесу;
3. егер кеден органының әрекеттері заңсыз және негізсіз болған жағдайда, оларға сот тәртібінде шағымдану.
Қарастырылған жағдайда, компания кеден органының ҚҚС-ның қосынды есептеулеріне сот тәртібінде шағымданды. Бірақ сот компанияның талаптарын қанағаттандырған жоқ, өйткені компания әкелінген тауарларды өз мақсатында пайдалану туралы міндеттемелері мен шарттарын бұзды. Компанияның кәсіби кеңесшілердің ұқсас дау мәселелері бойынша сот тәжірибесінің алдын ала шолуын және ҚҚС-н есептеу тәсілі арқылы төленіп әкелінген тауардан шегіну жөніндегі кеңестерін алу мүмкіндігі болған.
Заңнамада әкелінген тауар бойынша ҚҚС-ты есептеу тәсілі арқылы төлеу қарастырылған жағдайда, сатып алу-сату, жалға беру және тауарды уақытша пайдалану және иеленуді қарастыратын мәмілердің өзге түрлерін жасауға тыйым салынған. Егер компания осылайша әкелінген тауарды сатқысы келсе, мұндай тауар бойынша әкелінген тауардың кедендік декларациясының тіркелгенінен бастап есептелетін ҚҚС пен өсімақыны төлеу қажет.