Фискалды тәуекелдерді азайту үшін өткізілетін салық аудиті
15 мамыр 2012
Жағдай
Қазақстандық өндіруші компания 2008-2010 жылдар аралығында шетелдік компаниялармен 40-а жуық келісімшарт жасады. Сонымен қатар компания шетелдік қызметкерлердің жалақысының бөлігін төлеген. Компания салықтық тексерістің өтетіні туралы хабарлама алды. Компанияның қаржы департаменті компания салық есебін тиісті жүргізумен қатар бюджетке төленетін фискалды төлемдерді уақытылы жасап жатыр деп санаған. Салықтық тексеріске дайын болу үшін қаржы департаментінде бос бухгалтерлер мен заңгерлер болған жоқ. Барлық бухгалтерлер өз істерімен айналысып жүрген.
Мұндай жағдайда қалай әрекет етуге болады?
Шешім
Қаржы департаменті компания басшылығын салықтық тексеріске дейін сыртқы кеңесшіні салықтық аудитті жүргізу үшін шақыруға көндірді. Тәжірибеге сүйенсек, салық саясатындағы резидент емес азаматтарға салық салу аса қиын мәселе болғандықтан, компания 50 000 АҚШ доллары сомасынан асатын резидент еместермен жасалатын мәмілелерге қатысты салық аудитін жүргізу үшін кәсіби мамандарды шақырды. Сонымен қатар компания шетелдік қызметкерлерге төленген барлық төлемдерге қатысты аудит жүргізуге шешті. Сондай-ақ қаржы департаменті сыртқы салық аудиторларына көмек көрсету үшін бір бухгалтерді тағайындады.
Мамандар аудит барысында салық заңнамасына қайшы келетін сәйкессіздіктердің бір тобын аңықтады және аудит аяқталғаннан кейін оларды алдын ала есеп ретінде ұсыныммен бірге компанияға табыстады. Нәтижесінде компания барлық фискалды төлемдерді төлеп, есепке алынбаған және даулы мәселелердің бір бөлігін толықтай шешті.
Кейінірек компанияға қатысты салықтың тақырыптық тексерісі өткізілді. Нәтижесінде жасалған айыппұлдардың сомасының қосынды есептеулері шамалы болып шықты. Жиынтықта компанияның салықтық аудитке жаратқан қаржысы үлкен айыппұлдар мен салықтық тексерістің нәтижесінде жасалған қосынды есептеулердің өсімақыларымен салыстырғанда біршама арзан болып шықты.
Салық аудитінің артықшылығы - тексеріс өтіп жатқан компанияның салық есебіне деген жаңа көзқарас пен әділдік болып саналады. Көптеген компанияларда бухгалтерия жүргізуге тиіс салық ебенің қызметі жоқ болып келеді. Бірақ салық қызметінің компанияда бар болуы компанияны әлеуетті салық тәуекелдерінен сақтай алмайды.
Тәжірибе көрсетіп жатқандай, біз салық аудитін кешенді өткізуге кеңес береміз, өйткені қосынды есептеулер салық төлеушілері күтпеген жерден пайда болуы мүмкін. Салық аудиті бес жылдық мерзімді қамту қажет, өйткені осы уақыт аралығы салық төлеушінің салық міндеттерінің қуыну мерзімі деп аталады және осы уақыт аралығында салық органы өткен мерзімдерді қайта қараумен қатар салықтарды салуға құқылы. Компанияның қаржы ресурстарын үнемдеу мақсатында салық аудитін іріктеп жасауға болады. Мысал ретінде соңғы жылдар ішінде 25 000 АҚШ доллары сомасынан асатын мәмілелердің салық есебін тексеру.