Қоңырауға тапсырыс
 

Кедендік құны және лицензиялық төлемдер

3 шілде 2013
Жағдай
 
Қазақстандық компания тауарларды Қазақстанға импорттады. Тауардың жеткізілім тәсімі екі лицензиялық келісімнің бар болуын қарастырды: неміс компаниясының лицензия иеленушісі ретінде тауар таңбасын қолдану туралы лицензиялық келісімі (бұдан әрі «№1 лицензиялық келісім»); және голландық компанияның лицензия иеленушісі ретінде тауарларды сату туралы лицензиялық келісімі (бұдан әрі «№2 лицензиялық келісім»). №1 лицензиялық келісімде Қазақстанға әкелінетін өнімдердің тауар таңбасын қолдану үшін роялти төлеу қарастырылған. №2 лицензиялық келісімде болашақ саудадан ҚҚС-н қоспағанда жалпы саудадан 5 % мөлшерде төлемдерді төлеу қарастырылған. Қазақстандық компания тауарлардың кедендік тазартпасы барысында әкелінген тауарлардың кедендік құнын №1 лицензиялық келісімінің барлық төлемдерін есепке алып, кеден бажыларын төледі.
Кеден органы кедендік тексерістен кейін кедендік құнына қатысты жасалған түзетулердің салдарынан бажының қосынды есептеулерін жасады. Кедендік орган кедендік құнының сомасына барлық лицензиялық төлемдерді, соның ішінде №2 лицензиялық келісім бойынша жасалған төлемдерді қосқан.
 
Кедендік органының әрекеттері негізді ме? Мұндай жағдайда қалай әрекет етуге болады?

Шешім
 
Тауар өткізу мен Қазақстанға әкелінетін өнімдердің жеткізілімен байланысты екі және одан да көп лицензиялық келісімдердің бар болған жағдайында, барлық келісімдерді тауардың кедендік құнымен байланысты тәуекелдердің болуына алдын ала зерттеу қажет.
Фискалды тәуекелдерді азайту үшін әкелінетін өнімдердің кеден бажыларының болашақ қосынды есептеулерін жоққа шығару үшін барлық лицензиялық келісімдерді құрылымдау қажет. Қарастырылған жағдайда, №2 лицензиялық келісім бойыншағы төлемдер әкелінген тауарлардың кедендік құнына жатпауға тиіс, өйткені мұндай төлемдер қазақстандық компания мен голландық компанияның арасындағы сатып алу-сатудың шарты болып саналмайды. №2 лицензиялық келісімде өткізілген тауарлардың сомасынан 5% мөлшерде роялти төлеу қарастырылған және импорт үшін әкелінген тауардың тура немесе жанама шарты болып саналмайды.
Қарастырылған жағдайда, қазақстандық компания қосынды есептеулермен келіскен жоқ және хабарламаға сот тәртібінде шағымдануға мәжбүр болды. Қазақстандық компания бұл істі жеңіп шықты. Сот істі қараған кезде, екі лицензиялық келісімдерде әр түрлі төлем шарттарының қарастырылғанын растады. Бірінші келісімде расында да Қазақстанға әкелінген өнімнің тауар таңбасын қолдану үшін роялти төлеу қарастырылған. Екінші лицензиялық келісімде болашақ саудадан ҚҚС-н қоспағанда жалпы саудадан 5 % мөлшерде төлемдерді төлеу қарастырылған және бұл соманы голландық компания төлеген сонымен қатар төлемнің көзі ретінде голландық компаниядан салық ұсталды.