Қуынудың ескіру мерзімі бір жылға созылды
10 қаңтар 2012
Қосымша есептілікті тапсырудың салдарынан қуынудың бес жылдық ескіру мерзімі бір жылға тағы да ұзартылды
Компания салық органдарының бұзушылықтарды жоюмен қатар 2005 жыл аралығындағы шығындардан шегеріс сомасын алып тастау талабы бар хабарламасын алды. Компания хабарламаның талаптарын орындады, бірақ қосымша есептілікте декларацияның «қосымша» түрі деп белгіледі.
Кейінірек компания өткізіліп жатқан салықтық тексеріс туралы хабарламаны алды және бұл тексеріс 2005-2011 жылдар аралығын қамтиған. Алайда салықтық тексерістің салық міндеттемелері бойынша қуынудың бес жылдық ескіру мерзімін қамтуға тиіс болғанына қарамастан, салық органы қуынудың ескіру мерзімін тағы да бір жылға ұзартты. Нәтижесінде салықтық тексеріс бес жылдық мерзімнің орнына алты жылдық мерзімді қамтыды.
Салық органдарының әрекеттері негізді және заңды ма?
Шешім
Қазақстан Республикасының 10.12.2008 жылғы №99-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті» төлемдер туралы Кодексінің 5 тармағының 46 бабына сәйкес (әрі қарай – Салық Кодексі) салықтың қосымша есебі қуынудың ескіру мерзімінің аяқталуына бір жылдан аз уақыт қалған жағдайда жіберілген болса, қуынудың ескіру мерзімі тағы да бір жылға ұзартылады. Салық кодексі салық есебін «қосымша» және «хабарлама бойынша қосымша» деп бөлгендіктен, «хабарлама бойынша қосымша» деген белгісі бар түзетілген декларация қуынудың ескіру мерзімін ұзарту үшін негіз ретінде қарастырылмайды.
Салықтық тексерістің нәтижелеріне сот тәртібінде шағымданғанда, сот инстанциялары компанияның қосымша есепті «хабарлама бойынша қосымша» деген белгісінің орнына «қосымша» белгісімен қате жібергені туралы дәлелін қабыл алған жоқ. Егер компания қосымша есептелікте «хабарлама бойынша қосымша» деген белгіні дұрыс көрсеткен жағдайда, компанияның қосымша алтыншы жылға қатысты өткізілетін тексерісті болдырмаудың мүмкіндігі болған.
Тұжырымдар:
• салық органдарының бұзушылықтарды жою туралы хабарламасын алған сәттен бастап, қосымша есептілікті тапсырған кезде «хабарлама бойынша қосымша» деген белгісін есептіліктің түріне сәйкес белгілеу қажет және мұндай әрекет қуынудың ескіру мерзімін тағы да бір жылға ұзартудың мүмкіндігін жояды;
• егер компания өткен жылға қатысты косымша есептілікті тапсырып жатқан болса, қуынудың ескіру мерзімі тағы да бір жылға ұзартылады.
• егер компания өткен жылға қатысты косымша есептілікті тапсырып жатқан болса, қуынудың ескіру мерзімі тағы да бір жылға ұзартылады.