Салықтық тексеріс сатысындағы тексерушілердің қателерін жою
1 қыркүйек 2013
Жағдай
Компанияға жоспарланған салықтық тексерістің өткізілетіні туралы хабарлама жіберілді. Компанияның жауапты қызметкерлері салық есебіне қатысты ешқандай ақаулардың болмағанында сенімді еді. Бұған қоса, жауапты қызметкерлер күнделікті істермен айналысқан және тексерісті қадағалайтын бос адам болған жоқ. Қызметкерлер салықтық тексерістің барысына араласпай, нәтижелерді күткен. Салықтық тексерістен кейінгі берілген акт компания қызметкерлерін салық инспекторларының жасаған қателері мен есептеудегі дәлсіздіктерімен таңдандырды. Компания салықтық тексерістің актісіне сот тәртібінде шағымдануға мәжбүр болды. Сонымен қатар компанияның қаржылық және басқарушылық шығындарға ұшырауы компания басшылығының қызметіне кедергілерін тигізді.
Жоғарыда аталған шығындарды болдырмаудың жолдары
Шешім
Мұндай қателіктерді келесі жолмен шешуге болады. Салықтық тексерістің өткізілуін кәсіби заңгерлер қадағалауға тиіс. Мұндай әрекет тексерушілермен тіл табысуға көмектеседі. Әдетте салықтық тексерістің нәтижесінде салықтық кезеңдер, бар бұзушылықтар мен қосынды салық есептеулерінің себептері көрсетілген салықтық тексерістің актісі беріледі.Біздің заңгерлеріміз салықтық тексерістің алдын ала актісіне сұрау салады. Айтарлықтай Қазақстан Республикасының салық заңнамасында «салықтық тексерістің алдын ала актісі» деген ұғым жоқ, бірақ тәжірибеде мұның болуы мүмкін және де мұның арқасында тексерісті жүргізген кісілердің кішігірім қателерің аңықтаумен қатар келешекте шағымдануға дайын болу мүмкіндігі қарастырылған.
Біздің практикамызда болған жағдай: салықтық тексерістің барысында біздің заңгерлеріміз салықтық тексерістің актісіне қатысты жобаға сұрау салды. Бұл жобада тексерушілер жеке табыс салығы мен өсімақыны салық саясатындағы резидент емес азаматтардың кірісінен есептеген. Біздің заңгерлеріміз және компания бухгалтерлері қосынды салық есептеулерін тексере бастаған кезде, тексерушілердің өсімақы көлемін қате есептегенін аңықтады. ЖТС-ның есептеу көлемі болмашы болғандықтан, компания оларды өтеуге келісті, бірақ өсімақының көлемі жеті есе артық саналған. Осы нәтижелер тексерушілерге ұсынылды және олар өз тарапынан дәлеледердің негізді екенін растады. Ақырында өсімақының сомасы тиісті тәртіпке сай өзгертілді және түзетілді, ал компания салықтық тексерістің актісін өсім есебінің дұрыс саналған көлемімен алды. Нәтижесінде компания дұрыс есептелмеген өсім есебіне шағымдануға қатысты төленетін ресурстарды үнемдеді.

Ұсынымдар
Салықтық тексерісті қадағалау мақсатында ішкі салық мамандары немесе сыртқы заңгерлер үшін ресурстарды бөлу. Салықтық тексерістің аяқталуына дейін салықтық тексерістің актісінің жобасына сұрау салу. Салықтық тексерістің алдын ала актісін алған сәттен бастап, тексеруші органдарының есептемелерін және айырмащылықтарының басты себептерін аңықтау үшін қайта тексеріп шығу қажет. Қателер аңықталған жағдайда, салық органына нақты дәлелдерді ұсыну қажет