Қоңырауға тапсырыс
 

Резидент емес үшін бюджетке төлем көзінен ұстанылып төленген салық резидент емеске қайтарылуы мүмкін

2 сәуір 2012
Жағдай
 
Қазақстандық компания мердігерлік жұмыстар үшін каротаждық жұмыстар қызметін көрсететін ресейлік компанияның көмегіне жүгінді. Келісімшарт 10 ай мерзіміне жасалды. Мұндай мерзім Қазақстанда тұрақты мекеменің бар болуын қажет етпейді. Қазақстандық компания төлем көзіне қатысты 20% мөлшердегі салықты қолданып, осы салықты ұстап қалумен қатар оны Қазақстанның бюджетіне төледі. Жоба аяқталғаннан кейін шамамен бір жылдан соң ресейлік компания Қазақстан мен Ресей арасында жасалған салық конвенциясы бойынша екі еселенген салық салуды болдырмау үшін ресейлік компанияның Қазақстандағы қызметі тұрақты мекеменің құрылуына әкелмеген жағдайда, ресейлік компанияның Қазақстандағы табысына салық салынбайтыны туралы білді. Басқаша айтқанда, ресейлік компанияның табысына тек қана Ресей Федерациясында салық салынады.
 
Мұндай жағдайда қалай әрекет етуге болады?
 
Шешім
 
Мұндай жағдайда резидент емес салық органына төлем көзінен ұстанылатын салықты қайтару туралы арызды жібере алады. Егер төлем көзінен ұстанылатын салық бюджетке төленген болған жағдайда, мұндай резидент емес үшін төленген табыс салығы Салық кодексімен қарастырылған тәртіпке және салық міндеттемелері бойынша 5 жылдық ескіру мерзіміне сәйкес қайтарылуы тиіс. Бірақ, салық органдарының бас тарту мүмкіндігі өте жоғары.
Тәжірибеде ресейлік компания төлем көзінен ұстанылатын салықты қайтару үшін жоғары тұрған салық органына арыз жіберді. Салық органы шетелдік қызметкерлердің Қазақстан Республикасының аумағында мекендеген мерзімін растайтын құжаттардың жоқ болуының себебінен салықты қайтарудан бас тартты.
Мұндай жағдайда салық органдарының заңсыз әрекеттеріне шағымдануға болады. Ресейлік компания мұндай әрекеттерге сот тәртібінде шағымданды. Сот шешімі ресейлік компанияның талаптарын қанағаттандырды және компанияға табыс салығы қайтарылды. Сот аңықтағандай, резидент емес салық кодексімен қарастырылған барлық қажетті құжаттарды ұсынған.
 
Ұсынымдар:
 
• егер резидент еместің қызметі Қазақстандағы тұрақты мекеменің құрылуына әкелмеген болса, Қазақстан Республикасының бюджетіне резидент үшін төленетін табыс салығы қайтарылуы тиіс;
• егер жоғары тұрған салық органы салықты қайтарудан негізсіз бас тартқан болған жағдайда, мұндай шешімге жоғары тұрған салық органында немесе сот тәртібінде шағымдануға болады.