Қоңырауға тапсырыс
 

Эко-такси

Біз эко-такси жобасына қатысты 200 автокөлікті табыстау жөніндегі мәмілені құрылымдаумен қатар оны сәтті өткіздік. Біз Алматы қаласының Әкімдігі мен әкімдіктің бақылау астындағы «Алматы Электротранс» компаниясына корпоративтік қоғамдық жауапкершілік және pro bono шегіндегі мәселелерге қатысты кеңес бердік. Басты мәселе - тәжірибелі жеке такси операторына 200 автокөлікті табыстаумен қатар оның инвестордың жасаған инвестицияларың кері қайтару мүмкіндігінің болуы. Автокөліктер газды экологиялық отын ретінде пайдалану үшін жабдықталған.


Біз бұл мәмілеге қатысты құқықтық және салықтық жоспарлауды ұсындық. Қаржылық лизинг, мерзімі ұзартылған төлемдермен сату, келешекте сатып алу мүмкіндігі қарастырылған операциялық лизингтің барлық пайдасымен кемшіліктері біздің консультацияларымызда қарастырылды. Сонымен қатар біз клиентімізге инвестицияларды қайтару кепілдігіне қатысты кеңес бердік.


Клиент 200 автокөлікті үстемені қосып санағанда, 5 жылдық мерзімге төлемді ұзарту шартымен сатуды ұйғарды. Жеңіскер компания өз тарапынан табиғи газды негізгі эко-отын ретінде такси автокөліктерінде пайдалануға тиісті болды. Біз мәмілеге қатысты барлық қажетті келісімдерді дайындадық: шекті келісім, сатып алу-сату шарты, автокөлік құралын кепілге беру шарты, таксидің жарамдылығы туралы келісіммен сатып алушыны дефолт тәуекелінен сақтандыру шарты.


Әкімдікпен жұмыс істеу және жобаның ерекшелігіне байланысты жобаны жургізу қиынға соқты, соған карамастан біз мемелекеттік-жеке серіктестік және инвестициялар саласындағы тәжірибемізді әкімдікпен қуана бөлістік. Жоба 2013 жылдың 15 қырқүйегінде Алматы қаласының күніне орай жүзеге асырылды.


Алматы қаласының әкімі Эко-такси жобасының күшке енгенін жұрт алдында жариялады. Synergy Partners Алматы қаласының экологиясына өзінің шағын да оң үлесін қосты.