Ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын!
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ - НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Наурыз мейрамы қарсаңында Synergy Partners заңгерлері қазақтың әдетғұрып құқығына қатысты кішігірім тақырыптық шолу дайындады.
Біз назар аударуға тұрарлық деп тапқан мағлұматтар:
● Қазақ даласында хандық замандағы билер қазіргі құқықтық жүйедігі соттың ролін атқарған.
● Билерді ешкім тағайындамайтын. Демек, билер 100% тәуелсіз болды, тіпті сұлтандар мен байлар да билердің шешімдеріне ықпал ете алмайтын.
● Билердің лауазымы мұрагерлікпен ұрпақтарына берілмейтін. Би лауазымын осы атаққа лайық тұлғалар ғана иемденген.
● Би лауазымы оны иемденушіге ешқандай айрықша құқық бермеген. Алайда билер халықтың ерекше құрметіне ие болған.
● Билердің мақсаты - қоғамда тәртіпті сақтау, рулар мен ауылдар арасындағы түсініспеушіліктерді жою болатын.
● Туындаған даудың шешімін табу үшін, дауласушы екі жақ өздері бірге таңдаған биге жүгінетін. Қазіргі таңда төрешілерді таңдау қағидасы төрелік сотта (арбитражда) сақталған.
● Билер өздеріне көмекші алып, сол көмекшілерге өздерінің білгенін үйрететін. Көбіне билердің көмекшілері де би атанатын.
● Даулардың барлығын әділ шешіп, халықтың арасында құрметке бөленген тұлғалар ғана би атанатын деген тұжырым бар.
● Билер дауларды шешіп қана қоймай, қазіргінің психологтары секілді түрлі өмірлік және тұрмыстық жағдайларға байланысты кеңестер де беретін.
● Билердің шешімдерімен келіспеу жағдайлары бізге беймәлім. Ондай жағдайлар болмады деп есептейміз. Яғни қазақ құқығында апелляция болмаған. Би шешімдерінің негізделгендігі және дәйектілігі соншалықты, би шешімінің әділдігінде ешкімнің күмәні тумайтын.
● Билер Шыңғыс хан тұқымы мен сұлтандарға сот жүргізуге бас тартатын.
● 10 ғасыр бойы рулар, ауылдар арасында қандай да бір жер даулары тіркелмеген. Біздің ойымызша билер дау жанжалға айналмастан, сұрақтарды алдын ала шешіп отырды.
● Билердің шешімдері еш жерде жазылмаған, бірақ халық арасында ауыздан ауызға тараған болатын (жазылмаған құқық). Халық билердің әділдігін көріп өздері де әділ болуға тырысқан.
● Билер халық арасында идеологияны қалыптастырып, әділдікке баулыған.
● Билердің пара алған немесе біреуге арнайылап шешім шығарған жағдайлары беймәлім.
● Билер дауларды сол кезеңдегі ахуалды ескере отырып шешкен.
● Билер өздерінің шешімдерін болашақта туындауы мүмкін ұқсас жағдайларда қолданылатындай етіп шығарған (прецедент). Халық ұқсас дау туындаса, алдын ала сол дауды шешу жолын білген. Демек билердің шешімдері халық арасында ұқсас даулардың болмауына себепші болған.
Ескертпе немесе Disclaimer
Осы материалды дайындау барысында біз төменде көрсетілген бірнеше дереккөздерге сүйендік. Осы тақырыптық шолудың кей мәліметтері нақты дәлелденбегенін, толық зерттелмегенін және әлі де талқыға түсуі керек екенін түсінеміз.
Қайткенмен, біз осы тақырыптың, жалпы қазақтың әдет-ғұрыптық құқығы толығырақ зерттелінеді деген үміттеміз.
Дереккөздер
● Юшков С.Ю. Материалы по казахскому обычному праву: сборник 1.
Алма-Ата: Изд-во Академии наук Казахской ССР, 1948.
● Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. Алматы: Санат, 1996. — 656 с.
● Фукс С.Л. Обычное право казахов в XVIII - первой половине XIX века. АлмаАта: Наука, 1981. — 224 с.
Осы материалды жазуға Synergy Partners заңгерлері мен жұмысшылары ат салысты: Нуржан Стамкулов, Анар Дауталинова, Али Дауталинов, Айдана Сатимова, Даяна Абылгазиева